Түркістан облысы,Қазығұрт ауданы «№ 11 колледж МКҚК-ның» 2022-2023 оқу жылының 1 қыркүйек «Білім күні» атап өту іс-шара жоспары түзіліп, өткізетін орны бегіленіп безендендірілді. Іс-шара барысында студенттер,ұстаздар және ата-аналар оқу корпусының алдына сапқа тұрғызылып,ҚР-ның мемлекеттік ән ұран орындалды.Колледж директоры Ержігіт Сапарұлы студенттерге жаңа оқу жылында оқуда озат болуға,ұстаздарға еңбектері жемісті болсын деп құттықтау сөз арнады.Колледж өнерлі стдуденттеріміз өз өнерін көрсетті атап өтер болсақ «Кәусар»би тобы ерекше қошеметке ие болды.Сонымен қатар «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» әншілері ән айтып студенттерге жақсы көңіл күй силады.Салтанаты жиын барысында колледжіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Талғат Қоңырұлы сөз алып,студенттерге «Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бағынған құл болмайды»деп өз ақыл кеңесін айтып,жаңа оқу жылына табыс тілеп,құттықтаау сөз сөйледі.Бүгінгі іс-шараны қорытындылап топ жетекшілеріне «Білімге ұмытылу,еңбек сүйгіштік және отаншылдық»тақырыбында тәрбие сағаттарын өтуге тапсырма берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *