Skip to content
Четверг, 28 марта, 2024
Последние:
Ұлыстың Ұлы Күні – Наурыз мерекесіне арналған Түркістан облысының №11 колледж мекемесінде өткізілетін «Қош келдің әз-Наурыз» он күндік мерекелік іс – шараларының тәрбие жоспары аясында 19-наурыз «Наурыз-Жаңару айы » мерекесіне орай колледж әкімшілігі ұйымдастыруымен колледж спорт алаңында мұғалімдер арасында ұлттық спорт түрлерін жарыс болып өтті. Жарыс ұлттық спорт түрлерінен атап айтар болсақ гір тасын көтеру, асық ату, қол қүрес, арқан тарту бойынша сайыстар өтті. Жеңімпаздарға колледж әкімшілігі атынан алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары берілетін болды. Рамазан айын ескере отырып колледж әкімшілігі ұйымдастырумен ұстаздар қауымына кешкі ауызашар берілді.
Түркістан облысының №11 колледж мекемесінде өткізілетін «Қош келдің әз-Наурыз» он күндік мерекелік іс – шараларының тәрбие жоспары аясында 20-наурыз «Наурыз-Ұлттық спорт күні» мерекесіне орай тәрбие бөлімі және дене тәрбие жетекшісі Ш.Шауполатов бастамасымен, көркемдік жетекші Д.Сыдықов пен дене тәрбиесі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен, ұлттық спортты дәріптеу және дамыту мақсатымен колледж алаңында ұлттық спорт түрлерін «Жігіт сұлтаны-2024» номинациясы бойынша жарыс өткізілді. Жарыс ұлттық спорт түрлерінен атап айтар болсақ гір тасын көтеру, асық ату, қол қүрес, арқан тарту бойынша сайыстар өтті. Мерекелік іс-шараны құттықтау сөзбен директордың ТЖЖ орынбасары Т.Максутов және оқу ісі орынбасары Қ.Пралиев,бөлім меңгерушісі Ғ.Даршалов жалғап, наурыз мерекесіне ізігі тілектер білдіріп, ұлттық спорт ұлт қазынасы екенін студенттерімізге айта отырып, жарысқа қатысатын сайыскерлерге сәттілік тіледі.
Ұлыстың Ұлы Күні – Наурыз мерекесіне арналған Түркістан облысының №11 колледж мекемесінде өткізілетін «Қош келдің әз-Наурыз» он күндік мерекелік іс – шараларының тәрбие жоспары аясында 19-наурыз «Наурыз-Жаңару мен жаңғыру татулықтың бастауы» мерекесіне орай директордың ТЖЖ орынбасары Т.Максутов және оқу ісі орынбасары Қ.Пралиев ұйымдастыруымен және осы іс шараға студенттеріміздің ата-аналары, әуелметтік серіктестіктен арнайы қонағымыз Е.Тасболатов ағайдың қатысуымен колледж аумағына 50 түп көшет отырғызылды. Бұл жерде жаңадан отырғызылған көшеттер өніп шығып, жеміс бергені сияқты жаңа, тың бастамалар болып, ол өз нәтижесін беріп жатса, ел өміріндегі түрлі салаларда оң өзгерістер болып жатса, демек жаңарудың нәтижесі деген сөз. Наурыз — салт дәстүрді түгендеу емес, салт-дәстүрді тірілту. «Жаңару күні» барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді. Бұл — рухани жаңғырудың үлкен бір белесі. Жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыс әкелсін.
Ұлыстың Ұлы Күні – Наурыз мерекесіне арналған Түркістан облысының №11 колледж мекемесінде өткізілетін «Қош келдің әз-Наурыз» он күндік мерекелік іс – шараларының жоспары аясында 14-наурыз «Көрісу күні-амал мерекесі» колледж қабырғасында аталып өтті. Бұл күнде көрісе отырып, бір-біріне жаңа жасыңмен,жасың құтты болсын деп құтықтау мен ізгі тілектер жолданады.Осы күні бұрынғы өкпе- ренішінті кешіріп, бір- біріне аман-саулық тілейді. Береке мен бірліктің мейрамы Наурыз айының, «Көрісу күні» құтты болсын!
Ұлыстың Ұлы Күні – Наурыз мерекесіне арналған Түркістан облысының №11 колледж мекемесінде өткізілетін «Қош келдің әз-Наурыз» он күндік мерекелік іс – шараларының жоспары аясында 15-наурыз «Наурыз-Мейірімділік мерекесі» күні колледжімізде бірқатар іс-шаралар өткізілді.Атап айтар болсақ, жағдайы төмен отбасыларға,мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету үшін «Қамқоршылық кеңес»мүшелерін, колледж қызметкелерін тарта отырып, директордың ТЖЖ орынбасары Т.Максутов және әлеуметтік-педагог Ы.Ибраим ұйымдастыруымен «Қайырымды Ұлт» қайырымдылық акциясы өткізілді.Осы ақциядан жиналған қаражатты колледж қабырғасында білім алатын аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттерге үлестірілді.
«№11 колледж»
мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын
Главная
Колледж басшысының блогы
Колледж басшылары
Колледж тарихы
Мекен жайы
Стратегиялық жоспар
Құжаттарды қабылдау
Виртуалды қабылдау
Жылдық жоспар
ЖАСАМПАЗДЫҚ КЛУБЫ
«Жас маман»
«Жас Сарбаз»
Жастар ісі
Жалпы ереже
Роликтер
Клубтар
Ата-аналар комитетін қайта бекіту туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі
Сыбайлас жемқорлыққа — жол жоқ!
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ
ҚР Мемлекеттік рәміздер
Donation History
[donation_history]